Қазақстандағы Kia-ның ресми дистрибьюторы, Allur автокөлік компаниясының құрамындағы Allur Motor Qazaqstan компаниясы Sportage кроссоверінің қазақстандық нарықта жаңа, бесінші буыны сатыла бастаған күнін 2022 жылдың 20 мамыры деп жариялады.
Sportage-дың бесінші буыны кроссоверлер сегментінде сапалы жаңа қадам болды. Модельдің инновациялылығы оны жаңа деңгейге шығарды және ол Kia брендінің өзгеруіне сәйкес келеді. Автокөлік брендтің "Қарама-қайшылықтардың бірлігі" сияқты жаңа дизайн философиясына сәйкес әзірленген. Жаңа философияның қағидаттарына сәйкес, автокөлік дизайны табиғи әлемнің көрінісі болды. Кроссовердің сыртқы түрі батыл, эмоционалды, заманауи әрі табиғи. Таза және бедерлі беткі қабаттары әсерлі технологиялық элементтермен үйлескен. Жарықдиодты фаралар мен күндізгі жүріс шамдары бумеранг пішінді, ал артқы шамдар шанаққа біріктірілген сияқты, бұл жаңа Sportage-дың сыртқы түрін әсерлі ғана емес, әрі футуристік етеді.
Кроссовердің интерьері премиалды сапаны және жүргізушіге бағытталған дизайнды біріктіреді. Салондағы ең әсерлі элементтердің бірі аспаптық панель мен мультимедиа дисплейін біріктіретін қисық панорамалық экран болды. Опциялар арасында 8 динамигі бар Harman Kardon премиум-аудиожүйесі ұсынылады.
Sportage-дың жаңа буыны Kia тарихындағы алғашқы автокөлік болды, ол өңірге байланысты дөңгелек базасының екі түрлі нұсқасында – ұзын базада немесе қысқа базада ұсынылады. Қазақстандық нарықта модельдің барынша сыйымды нұсқасы - 2 755 мм-ге дейін ұлғайтылған дөңгелек базасы ұсынылатын болады. Бұл C-SUV сегменті үшін әсерлі өлшемдерге және салонның кеңдігі мен жүк салғыш бөлігінің сыйымдылығы санатындағы ең жақсы көрсеткіштердің біріне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Автокөліктің жалпы ұзындығы 4 660 мм. Қазіргі буынмен салыстырғанда дөңгелек базасы 85 мм-ге, ал ұзындығы 175 мм-ге артты. Жаңа Sportage-дың габариттік ені 1 865 мм-ді құрайды, ал биіктігі (спецификацияға байланысты) - 1660-тан 1680 мм-ге дейін.
Қазақстандық нарықта бесінші буынды Kia Sportage бензинді атмосфералық төрт цилиндрлі қозғалтқыштардың екі нұсқасы түрінде ұсынылатын болады:
* Жұмыс көлемі 2,0 л қозғалтқыш таратылған отын бүрку жүйесімен жабдықталған, қуаты 150 а. к. және айналу сәті 192 Н•м.
* Жұмыс көлемі 2,5 л қозғалтқышта біріктірілген отын бүрку жүйесі бар (таратылған + тікелей отын бүрку). Оның қуаты – 190 а. к., ал айналу сәті - 242 Н•м.
Нұсқаға байланысты кроссовер автоматты алты немесе сегіз сатылы беріліс қорабымен жабдықталуы мүмкін. Жаңа Sportage алдыңғы осьте жетегімен де, толық жетек жүйесінде де қолжетімді болады.
Жаңа кроссоверді жасау кезінде қауіпсіздікке басымдық берілді. Бесінші буындағы Sportage Drive Wise жүргізушіге көмек көрсету және қауіпсіздік жүйелері кешенінің заманауи нұсқасымен жабдықталуының арқасында өз сегментіндегі ең қауіпсіз автокөліктердің біріне айналды. Бұл кешен әр сапарда автокөліктегі жолаушыларға, сондай-ақ жол қозғалысының басқа мүшелеріне барынша қорғанысты қамтамасыз етеді. Жаңа Sportage үшін Drive wise кешеніне Stop&Go функциясы бар интеллектуалды круизді бақылау (SCC), FCA бетпе-бет соқтығысудың алдын алу жүйесі, LKA қозғалыс жолағынан шығудың алдын алу жүйесі, жолақтағы қозғалыс көмекшісі (LFA), жасырын аймақты басқару жүйесі (BCW) және басқалар кіреді.
Kia Sportage - Kia брендінің әлемдік бестселлері. 1993 жылы іске қосылғаннан бері бүкіл әлем бойынша барлығы 6 миллионнан астам Sportage кроссовері сатылды. Жаңа буын сатылымы басталған нарықтарда модельді үлкен қызығушылықпен қарсы алынды. Кореяда премьера күні сатып алуға 16000-нан астам өтінім берілді.
Қазақстандық нарық үшін бесінші буындағы Kia Sportage ерекшеліктері туралы толық ақпарат сату басталатын күнге жақын ұсынылатын болады.
Біздің сайттағы жаңа Sportage туралы бөлімге кіріңіз.
Kia-ның ақпараттық желісі
Сату бөлімінің жұмыс кестесі:
Дс-Сб 09:00-20:00
Жс 09:00-19:00
Сервис орталығының жұмыс кестесі:
Дс-Жс 09:00-19:00
Эл.пошта мекенжайы
Официальный дилерский центр Kia – Terra Motors ведет деятельность на территории PК в соответствии с законодательством РК. Реализуемые товары доступны к получению на территории РК. Мониторинг потребительского поведения субъектов, находящихся за пределами РК, не ведется. Информация о соответствующих моделях и комплектациях и их наличии, ценах, возможных выгодах и условиях приобретения доступна у дилеров Кia в РК. Товар сертифицирован. Не является публичной офертой.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»