2022 ж. 19 желтоқсан, Алматы – Kia-ның Қазақстандағы ресми дистрибьюторы, Allur қазақстандық автокөлік компаниясының құрамына кіретін Allur Motor Qazaqstan компаниясы елімізде Kia Soul жаңартылған қалалық кроссоверін сатудың басталғаны туралы хабарлады. Автокөлік 10 490 000 теңгеден 14 190 000 теңгеге дейінгі бағада жеті жабдықталымда ұсынылады.
2009 жылы Soul-дың бірінші буыны нарыққа шыққаннан бері бұл автокөлік шағын қалалық кроссовер сегментінде жаңа ойын ережелерін орната алды. Содан бері модель үнемі жетілдіріліп, барған сайын үлкен аудиторияны, әртүрлі ұрпақты қамтып келеді. Soul өзінің ерекше әсерлі түрімен ғана емес, сондай-ақ тұтынушылық сапасының және барынша функционалдылықтың тиімді үйлесімімен танымал болды.
Енді таңғажайып модельдің сыртқы дизайны мен интерьері жаңартылды, ыңғайлылық пен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін жоғары технологиялық жабдықтың жаңа нұсқалары пайда болды.
Қазақстанда жаңартылған Kia Soul 6-сатылы автоматты беріліс қорабы бар, көлемі 1,6 л (123 а.к., 151 Н·м) екі бензин қозғалтқышымен және 2,0 л (жаңа күш агрегаты, 149 а.к., 180 Н·м) «интеллектуалды» сатысыз IVT трансмиссиясымен ұсынылады. Жетегі – алдыңғы дөңгелектерде.
10 490 000 теңгеге тең бастапқы Classic жабдықталымына кондиционер, Drive Mode Select қозғалыс режимдерін таңдау жүйесі, Apple Carplay, Android Auto қолдайтын және алты динамигі бар, диагоналі 8" экраны бар мультимедиа жүйесі, ұялы телефонды қосуға арналған Bluetooth, мультифункционалды руль, артқы көрініс камерасы, жарық берілгісі, шиналардағы қысымды бақылау жүйесі, барлық терезе көтергіштердің электр жетегі, алдыңғы орындықтар мен бүйірлік айналарды жылыту, диаметрі 16" жеңіл қорытпалы дискілер, балалар креслоларына арналған ISOFIX бекіткіштері, бағамдық тұрақтылық жүйесі (ESC), алты қауіпсіздік жастықшасы, иммобилайзер қамтылған.
Бағасы 10 790 000 теңгеге тең келесі Comfort жабдықталымында қосымша бөлек климатты бақылау, круиздік бақылау, рульді жылыту, трансмиссия селекторының тұтқасы мен руль дөңгелегінің былғары әрлемесі, сондай-ақ артқы тұрақ берілгілері бар.
11 190 000 теңгеге тең Comfort+ жабдықталымы Smart Key кілтсіз кіру және қозғалтқышты түймешемен іске қосу жүйесімен, сондай-ақ 17-дюймдік жеңіл қорытпалы дискілермен толықтырылған.
Құны 11 390 000 теңгеге тең Luxe жабдықталымына алдыңғы әйнекті электрмен жылыту және бүйірлік айналарды жинайтын электр жетегі қосымша қамтылған.
13 290 000 теңгеге тең Style жиынтығына GT Line дизайнының бамперлері мен табалдырықтары, хроммен жиектелген жылтыр алдыңғы тор, GT Line дизайнының 18-дюймдік жеңіл қорытпалы дискілері, жарықдиодты оптика, спорттық руль, жүргізуші креслосының электр реттегіші, орындықтардың былғарымен аралас әрлемесі, барлық орындықтарды жылыту, ұялы телефонға сымсыз қуат беру, Mood Lamp интерьерінің сәндік жарығы, алдыңғы және артқы тұрақ берілгілері, «жасырын» аймақтардағы соқтығысудың алдын алу жүйелері (BCA), тұрақтан артқы жүріспен шығу (RCCW) және автокөліктен қауіпсіз шығу (SEW) кезіндегі ескертулер қамтылған.
Құны 13 790 000 теңгеге тең Premium жабдықталымы былғары орындық әрлемесімен, алдыңғы орындықтарды электр реттеумен және желдетумен, тұрақ тежегішінің электр жетегімен, Stop&GO функциясы бар интеллектуалды круизді бақылаумен (SCC), бетпе-бет соқтығысудың алдын алу жүйелерімен (FCA), қиылыста бұрылу кезінде соқтығысудың алдын алу жүйелерімен (FCA-JT) және жолақтан шығудың алдын алу (LKA), сондай-ақ жолақтағы қозғалыс көмекшісі (LFA) жүйелерімен толықтырылды
Құны 14 190 000 теңгеге тең GT Line жабдықталымы бамперлермен, табалдырықтармен және GT Line дизайнының 18-дюймдік жеңіл қорытпалы дискілерімен, қосарланған газ шығаратын түтікпен, люкпен, спорттық рульмен, берілістерді ауыстырып-қосудың руль астындағы «жапырақшаларымен», GT Line дизайнының былғары әрлемесі бар орындықтармен және салонның жарықдиодты жарығымен ерекшеленеді.
Kia-ның ақпараттық желісі
Сату бөлімінің жұмыс кестесі:
Дс-Сб 09:00-20:00
Жс 09:00-19:00
Сервис орталығының жұмыс кестесі:
Дс-Жс 09:00-19:00
Эл.пошта мекенжайы
Официальный дилерский центр Kia – Terra Motors ведет деятельность на территории PК в соответствии с законодательством РК. Реализуемые товары доступны к получению на территории РК. Мониторинг потребительского поведения субъектов, находящихся за пределами РК, не ведется. Информация о соответствующих моделях и комплектациях и их наличии, ценах, возможных выгодах и условиях приобретения доступна у дилеров Кia в РК. Товар сертифицирован. Не является публичной офертой.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»